жоба
2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама
Осы редакция 2015 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 6 қарашадағы № 1166 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі
екі ел халықтарының тарихи дәстүрлі достық байланыстары мен тату көршілік қатынастарын сақтауға және нығайтуға ұмтылысты негізге ала отырып,
екі мемлекеттің де азаматтарының Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының аумақтарында еңбек қызметтерін жүзеге асыру, екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жан-жақты қатынастарын дамыту және тереңдету үшін оларға қолайлы жағдайлар жасауға тілек білдіре отырып,
екі мемлекет арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және дамытуға өзара ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші-мигранттарға оңайлатылған тәртіп ұсыну мақсатында,
төмендегілер туралы келісті: